Loading...

Өзіңіздің логин және пароліңізбен кіріңіз

Логин және пароліңіз болмаса тіркелу батырмасын басыңыз

LESSON STUDY

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕФЛЕКСИВТІ КҮНДЕЛІК

Қазақ ұлттық қыздар қыздар педагогикалық университетінде әзірленді. Жауапты әзірлеуші:
PhD Мейркулова Аида Бакытбековна

Сабақты зерттеуге арналған рефлексивті күнделік, – Алматы: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 2023. – 27 б.

Ұсынылып отырған Рефлексивті күнделік мұғалім және болашақ мұғалімдер үшін Lesson study зерттеуін жүргізуге арналған көмекші құрал болып табылады. Сабақты зерттеуге арналған рефлексивті күнделікте Lesson Study зерттеуін жүргізу кезеңдеріне сәйкес зерттеушінің рефлексиясын жазуға арналған нұсқаулықтар ұсынылған. Lesson study зерттеуі және Рефлексивті күнделік туралы түсінік қалыптастыру және күнделікті дұрыс толтыру мақсатында «Lesson Study дегеніміз не? Рефлексия дегеніміз не?» сұрақтарына жауап беріліп, толығырақ түсіну үшін мақалалар мен нұсқаулықтарға сілтемелер ұсынылған.

Сіздің назарыңызға Lesson study зерттеуіңізге көмекші құрал болып табылатын Lesson study сабақты зерттеуге арналған Рефлексивті күнделікті ұсынамыз. Күнделік зерттеуіңізге қатысты рефлексияңызды жазуға арналған құрал. Пайдалану барысында берілген нұсқаулықтарды ескере отырып, зерттеуіңіздің барлық кезеңдеріне сәйкес ой-толғаныстарыңызды толықтай жазуды кеңес береміз. Бұл өз кезегінде зерттеудің маңызды тұстарын ұмытпауға, оқиғаларды дұрыс талдауға және зерттеуіңіздің есебін жазуға көмектеседі. Lesson study зерттеуі туралы толық түсінік қалыптастыру және рефлексивті күнделікті дұрыс толтыру мақсатында «Lesson Study дегеніміз не? Рефлексия дегеніміз не?» сұрақтарының жауаптарымен танысып, сілтемелерде берілген ақпаратты жан-жақты зерделеуге кеңес береміз.


HTML tutorial HTML tutorial

Суретке сілтеме: Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде жүргізілген Lesson Study зерттеуі. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Даирбай Жұлдыз Нұрланқызының жеке мұрағаты.

Қазіргі таңда әрбір оқу күні көптеген ғылыми жаңалықтарға толы және қоғамда терең әлеуметтік өзгерістер орын алуда. Осы тұста педагогтердің жас ұрпақты оқытуда аталған жаңалықтар мен өзерістерді ескере отырып зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тиімді әдістер-тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдануы өте маңызды болып отыр.

Оқыту тәжірибесі саласында озық тәжірибелердің бірі болып табылатын Lesson Study «Сабақ зерттеу» тәсілі ХІХ ғасырдың 70 жылдары Жапонияда пайда болып, педагогтертер арасында тиімді тәсіл ретінде танылған. Lesson Study, 21 ғасырдың басында Американдық зерттеушілердің Жапон оқушыларының АҚШ оқушыларымен салыстырғанда оқу жетістіктерінің жоғары деңгейін растағаннан кейін аса танымалдыққа ие болды (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Қазіргі уақытта Lesson Study АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Гонконг, Қытай, Малайзия, Швеция және Канадада, сондай-ақ Жапонияда кеңінен қолданылады.

Қазақстанда «Lesson Study» әдісін алғаш рет жапондық білім беру сарапшылары 2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ұсынды. 2017 жылдан бері жыл сайын Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері «Lesson Study» тақырыбындағы облыстық конференцияларда өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып келеді. 2023 жылы алғаш рет Астанада 500-ден астам ұстаздар қатысқан «Lesson Study: рефлексиялық тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» 1-ші Ұлттық конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға 500-ден астам қазақстандық педагогтармен бірге ең алғашқы педагогикалық ЖОО ретінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қатысып, педагогикалық білім беру бағдарламаларының білім алушылары үздік Lesson Study тәжірибелерімен бөлісті.


HTML tutorial HTML tutorial
Суретке сілтеме: Қыздар университетінің студенттері І. ұлттық «Lesson study» конференциясында жүлделі номинацияларға ие болды

Lesson Study зерттеуіне шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады (Dudley, 2011).

Lesson study оқушының үлгеріміне өте жылдам әсер ету мүмкіндігіне ие, өйткені бұл мұғалім өзінің тәжірибесін зерттеуі арқылы жүзеге асырылады және мұғалімнің оқуын қамтамасыз етеді. Lesson study-дің маңызды тұсы, бұл тәсіл оқушыға бағытталған және мұғалімдердің бірлескен кәсіби оқытуы! Lesson study дизайндары шағын көлемді болып табылады, көбінесе үш студентке ғана назар аударылады. Алайда бұған қарамастан мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне және оқушының оқуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Бұл ұсынылған Рефексивті күнделік үшін кем дегенде үш циклден құралған Lesson Study сабақтарын жүргізуді кеңес береміз. Бұл сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, мұғалім оқытады, Lesson Study тобы оқушылардың оқуы мен мұғалімнің оқытуын бақылайды және болған өзгерістерді талдайды. Lesson Study жүргізу барысында Пит Дадлидің «Lesson Study: Нұсқаулығы» оқу құралында көрсетілген төмендегі Lesson Study циклдерін негізге алуға кеңес береміз.


HTML tutorial
Суретке сілтеме: Lesson Study: нұсқаулық Пит Дадли, 2011, 6-бет.
https://lessonstudy.co.uk/wp-content/uploads/2013/07/Lesson-Study-Handbook-Kazakh.pdf

Мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы мұғалім және оқушының іс-әрекетін зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study қағидаларын толығырақ түсіну үшін келесі нұсқаулықтарды оқып шығу ұсынылады:

https://lessonstudy.co.uk/wp-content/uploads/2013/07/Lesson-Study-Handbook-Kazakh.pdf
https://figym.kz/uploads/LS_tpp.pdf

Рефлексия – бұл мамандар мен студенттердің өздерінің сезімдерін, реакцияларын, ойларын, сенімдерін, білімін, жауаптарын және тәжірибесін белсенді және мақсатты түрде қарастыратын метатанымдық процесс (Dewey, 1993). Сонымен қатар, авторлар тарапынан (Boud et al., 1985) рефлексия «жаңа түсініктер мен бағалауларға әкелу үшін жеке өз тәжірибесін зерттеуге жұмылдыратын интеллектуалды және аффективті әрекеттер» деп сипатталады. Педагог Джон Дьюи болса «Біз тәжірибеден үйренбейміз... біз тәжірибе туралы ойланудан үйренеміз» деп рефлексияның оқу барысындағы маңыздылығын жақсы түсіндірді.

Рефлексияға құрылымдық бір көзқараспен қарау аса пайдалы болып табылады. Сондықтан рефлексия жасауға белгілі бір құрылымның болуы маңызды. Рефлексия жасаудың қарапайым мысалы ретінде Rolfe, Freshwater and Jasper (2001) ұсынған рефлексиялық модельді айтуға болады. Бұл рефлексиялық модель келесідей үш қарапайым сұраққа негізделген: Не? (ойлану) Енді не? (сезіну) Қазір не? (іс-әрекет жасау).


HTML tutorial

Авторлардың рефлексиялық модельіне сәйкес, келесі мысалды келтіруге болады. Не? (ойлану): Мен әрекет жасағанда немесе шешім қабылдағанда не ойладым? Енді не? (сезіну): Мен тәжірибе кезінде және одан кейін өзімді қалай сезіндім, бұл неліктен маңызды болды? Қазір не? (іс-әрекет жасау): Мен келесі жолы не үйрене аламын немесе басқаша істей аламын?

Мұғалімдер мен дәріс берушілер әдетте оқушылар мен студенттердің оқу тәжірибесі туралы жеке ойларын білу үшін түрлі рефлексивті тапсырмалар береді. Осыған орай рефлексияны үйрету және бағалау үшін көптеген пән мұғалімдері рефлексиялық күнделік жазуға бет бұрды. Күнделік жазу - бұл адамдардың өз тәжірибесін сипаттау және оқу үшін рефлексиялық және аналитикалық процестерді пайдалана бастау механизмдерінің бірі (Plack et al., 2007). Сонымен қатар, рефлексиялық күнделік жазу кезінде рефлексиялық және аналитикалық процестер жүзеге асады және жеке оқу тәжірибені қайта ойластыратын, сипаттайтын және өңдейтін мүмкіндік туады (Bean, 2011).

Әдебиеттерде рефлексивті күнделік рефлексияға, сыни тұрғыдан ойлануға, теорияны практикамен біріктіруге және кәсіби өсуге ықпал ететіні көрсетілген (Tang, 2006; Kea & Backon, 1999). Сонымен қатар рефлексивті күнделік жүргізу барысында зерттеуші ағымдағы оқиғаларды талдау, өз нәтижелерін болжау, жоспарлай алу қабілеті, жүктемені бөлу, жинақталған тәжірибені талдау және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту сияқты маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыра алады (Баранова, 2015).

Бұл ретте кейбір зерттеушілер рефлексиялық күнделік жазу - оқудың өнімі емес, оқу процесі екенін алға тартуда (Hyers, 2001; Swindell & Watson, 2006). Аталмыш процес барысында күнделікті толтырушы өзіңнің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін ынталандырылады, сонымен бірге нені оқып жатқаны және қалай оқып жатқаны туралы түсінігі артады (Swindell & Watson, 2006).

Мұғалім тәжірибесінде рефлексиялық күнделіктің білімді жетілдірудегі рөлін ескере отырып, рефлексивті күнделіктің маңыздылығы туралы қосымша ақпарат ретінде ұсынылған мақалаларды оқуға ұсынамыз.

https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042813034356
https://doi.org/10.1080/02615479.2017.1362379

Құрастырушылар

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде әзірленді

Бізбен байланыс

Байланыс информациясы